Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының заңсыз сатылған бөлігі мемлекетке қайтарылды

187

Шешім заңды күшіне енді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының заңсыз сатылған бөлігі мемлекетке қайтарылды Фото: www.kaznpu.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің" мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты.

Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - "Ескі қақпа" орналасқан.

Кейіннен оқу корпусының ғимаратында "Ескі қақпа" атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі – ұйымдастырылған.

Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.

"Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді", - делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу