Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер іріктелді

859

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер іріктелді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 жұмысты қарады.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу