Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Гастроль аясында театр сингапурлық көрерменге 2 бағдарлама ұсынады.

Атап айтсақ, "Классикалық балет жауһарлары" ("Аққу көлі" (адажио), "Сильфида", "Дон Кихот" балетінен үзінді) және Альберто Алонсо қойып, музыкасын Родион Щедрин жазған бір актілі "Кармен-сюита" балеті.
Бұл қойылым – құмарлық, еркіндік пен тағдыр тақырыптарын терең ашатын әлемдік хореография өнеріндегі көркем туындылардың бірі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу