Абай атындағы опера және балет театрының өнері Лондон көрермендерін тәнті етті

2362

Алматы опера және балет театрының Лондондағы гастрөлдік сапары аяқталды. 

Абай атындағы опера және балет театрының өнері Лондон көрермендерін тәнті етті

Лондондағы атақты "Колизей" сахнасында алматылық театр Шопенның музыкасына негізделген "Шопениана" және Римский-Корсаков музыкасымен көркемделген "Шехерезада" балеттерін қойған.

"Театрымыз алғаш рет осындай сахнада өнер көрсетті. Сондықтан барлық жауапкершілікті сезінеміз. Біз тек шетелде өнер көрсетуді көздеген жоқпыз. Өнерді шынайы бағалайтын елді таңдадық. Өз мүмкіншілігімізді, шеберлігімізді және қазақ балет мектебін көрсеткіміз келді. Сол арқылы көрермендер Қазақстан академиялық балетінің деңгейін түсінгенін қаладық",-деді театр директоры Ая Қалиева.

Шығармашылық бірлестік жетекшісінің сөзінше, қойылымдарға көрермендер көптеп келген.

"Гастрөлдік сапар сәтті өтті. Қойылымға көрермендер көптеп келгені сонша, залда ине шаншар орын болмады. Соңында қойылымнан алған әсерлерімен бөлісіп жатты",-деді балет труппасының жетекшісі, ҚР Халық әртісі Гүлжан Тұтқыбаева.

Бұдан бөлек қарашаның соңында театр гастрөлдік сапармен Үндістанға аттанбақ. Ал келесі жылы шығармашылық ұжым Қытай, Түркия мен Ресейде өнер көрсетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу