Абай атындағы театрда Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған гала-концерт өтті

96

Мерейтойлық кеш Джузеппе Вердидің "Травиата" операсымен ашылды.

Абай атындағы театрда Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған гала-концерт өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішевтің 75 жасқа толуына орай екі музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мерейтойлық кеш Джузеппе Вердидің "Травиата" операсымен ашылды. Одан кейін гала-концертте әншінің шығармашылығында айрықша орын алған қазақ әндері, романстар мен әлемдік вокал өнерінің үздік туындылары орындалды.

Концерттің екінші бөлімінде Әлібек Дінішев сахнаға шығып, Абайдың "Желсіз түнде жарық ай", Матвей Блантердің "За высокими горами", Агустин Лараның "Solamente una vez" және Жаяу Мұсаның "Ақ сиса" әндерін шырқады. Әншімен бірге оның жиені Карина Абдуллина да өнер көрсетті.

Мерекелік кешке театр солистері Оксана Давыденко, Нұрғалым Аманбай және Балуан Беркенов қатысты. Ренат Салаватов пен Нұржан Байбосынов дирижерлік еткен симфониялық оркестр және Әлия Темірбекова жетекшілік ететін хор өнер көрсетті. Концерт режиссері – Наталья Кагадий.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу