Абай атындағы университет құрылысшыларға тиісті ақшаларын бермей жүр

568

Алматыда құрылысшылар наразылық білдірді.

Абай атындағы университет құрылысшыларға тиісті ақшаларын бермей жүр

Бас көтерген олар Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы: "жұмыс күшімізді пайдаланып алып, ақшаны берместен қашып жүр", дейді. 

Мердігердің жүргізген жөндеу жұмысы 1 ай бұрын бітсе де, оқу орны қаражатын толық өтемеген. Ал білдей бір Ұлттық Университеттің өкілдері мұнысын мойындайды. "33 млн теңгені бермеудің себептері бар" дейді. Бір қызығы, осыған ұқсас он жыл бұрынғы мәселе де әлі шешілмеген.

Абай атындағы университеттің 6 қабатты ғимаратын жөндеген соң, 33 миллион теңге ақшаларын ала алмай жүр. Бір ай бұрын Саясат Нұрбек те бұл дәлізде алшаң басқан еді. Дәл сол уақытта министр дәлізді жөндегендер еңбегінің ақысын ала алмай жұргенін білді ме екен? Ол жағы белгісіз. Белгілісі университет жұмыстың біткенін растайтын құжатқа қол қоймай отыр. Оған қоса, кепіл ретінде банкте тұрған 26 миллион теңгеге де көз салып отырған сыңайлы. 

Университет өкілдері болса, құрылысшылар сметалық құжатта көрсетілген жұмыстардың барлығы жасамады деп отыр. Тиісті ақшаларын бердік, жұмыс толықтай бітпегендіктен 33 миллион теңге берілген жоқ дейді. 

"Жұмыс толығымен бітпегендіктен ақша төленбей отыр. Қазір біз соттасып жатырмыз. Қандай жұмыстар аяқталмай қалғанын соттан кейін айтатын боламыз. Қандай жөндеу жұмыстарын жасамағанын мердігер компания өздері де біледі", дейді Абай атындағы ҚазҰПУ департамент директоры Барлыбай Мейірманов.

Ал, мердігер компания келісілген жұмысты 120 пайызға орындадық деп отыр. 

Мердігер компания президент атына хат та жазыпты. Айта кету керек, қазір университет пен құрылысшылар соттасып жатыр. Екі сот отырысы өткен. Мәселеге енді судья нүкте қоятын болады.  

Арнат Дүйсен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу