Алдағы уақытта ШҚО Абай ауданында никель өндірісі қолға алынып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ, деп хабарлайды altaynews.kz.
Биыл аталмыш кен байыту фабрикасы өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарды сатып алған. Нәтижесінде өндіріс көлемі екі есеге ұлғайған. Кен байыту фабрикасының техникалық директоры Бауыржан Молдашевтың айтуынша, олар инфрақұрылымды жаңарту үшін 800 миллионнан астам қаражат жұмсаған.
"Абай ауданындағы никельдің сапасы 7-8 пайызды құрап отыр. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Себебі, тапсырыс берушілер кен құрамындағы никельдің төрт пайыздан кем болмауын сұрайды. Демек, біздің өнім барлық талапқа сай", — дейді Бауыржан Молдашев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу