Абай ауданындағы орман өртінен келген шығын 165 млрд теңгеден асты – Экология министрлігі

Жалын 6 млн текше метр орман алқабын шарпыған. 

Абай ауданындағы орман өртінен келген шығын 165 млрд теңгеден асты – Экология министрлігі Фото: Inbusiness.kz

Абай ауданында өткен жазда болған орман өртінен келген шығын 165 млрд теңгеден асты, деп хабарлады орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Мәди Нұрпейісов.

"Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрліктерінің қатысуымен қызметтік тексеру жүргізілді, жалпы шығын 165 млрд теңгеден астам, өртенген орман 6 млн текше метрді құрады", – деді Нұрпейісов Абай ауданындағы орман өртінен келген шығын туралы сауалға жауап бере отырып.

Абай ауданындағы "Семей орманы" қорығында 8 маусым мен 13 шілде аралығында өрт болды. Апаттан 14 орманшы көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу