Абай ауданындағы орманды дала өртін сөндірген өрт сөндірушілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

847

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы орман-дала өртін сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай ауданындағы орманды дала өртін сөндірген өрт сөндірушілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен Тоғызбаев Айдос Ерланұлы (марқұм) наградталды. Ол Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі болған.

Сондай-ақ №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы да марапатталды.

"Ерлігі үшін" медалін №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нұрлан Сәлімжан алды.

Олардың барлығы Абай облысындағы Жарма ауданындағы табиғи өртті сөндіруге қатысқан.

Жел бағытының өзгеруіне байланысты өрт автоцистернаға өткен. Автоцистерна мен КамАЗ су таситын көлігі толығымен жанып кетіп, өрт сөндірушілер күйіп қалған. Солардың бірі Тоғызбаев кейін қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу