Абай аулында зорланған бала оқиғасы: Аружан Саин журналистердің сауалына жауап берді

894

Балалар омбудсмені тілшілер сауал жолдамады деп ақталуда.  

Абай аулында зорланған бала оқиғасы: Аружан Саин журналистердің сауалына жауап берді

Балалар омбудсмені Аружан Саин Түскістан облысы Абай ауылында зорланған 7 жасар баланың қазіргі өміріне қатысты көпшілік сынына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін The Village Kazakhstan басылымына аталған оқиғаға қатысты тың деректер жарияланып, мақала қоғам талқысына түскен. Онда тілшілер балалар омбудсмені өкілдеріне  бірнеше рет хабарласқанын, алайда олар мәселеге қатысты үн қатпай, ескі сұхбаттардың сілтемелерін берумен ғана шектелгенін жазған. 
"Әсем Жапишева мен Малика Мұханова шынымен бізге хабарласты, туыстарының, тергеушінің және сарапшылардың байланыс телефондарын сұрады. Біздің контактілерді рұқсатсыз беруге құқығымыз жоқ, ал баланың анасы БАҚ -пен байланысқа үзілді-кесілді қарсы. Кейін тілшілерге сауалдарды алдын ала жіберіңіз деген талап қойылды. Қалай болғанда да, барлығын баланың анасы шешеді. Ал Әсем Жапишева сұрақтар жолдамады. Кейін тергеуші байланысқа шығудан бас тартты, өйткені оның бұл ақпараттарды жария етуге құқығы жоқ және біздің де сараптамалық зерттеулерге қатысты ақпараттарды жария етуге құқығымыз жоқ", – деді Аружан Саин.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу