Абай гарнизонында "Ашық есік күні" өтті

586

Бұл шараға Семей қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.  

Абай гарнизонында "Ашық есік күні" өтті Фото: dknews.kz

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында 28738 әскери бөлімінің базасында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

200-ден астам студент Отан қорғаушылардың тұрмыс-тіршілігімен және әскери өмірімен танысты. Экскурсия барысында балаларға әскери бөлімдердің заманауи қару-жарақтары мен әскери техникалары көрсетілді. Олар "Арлан" броньды доңғалақты машинасымен, "Смерч" және "Точка-У" зымыран тасығыштарымен, "Фагот" танкке қарсы зымыран кешенімен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен танысты, сондай-ақ жауынгерлік машина тізгінінде отырған жүргізушінің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алды.

Оқушылар мен студенттерге атыс қаруының, танкке қарсы қол гранатометтерінің ерекшеліктері туралы айтылды. Сонымен қатар, әскерилер балаларға арнайы жасақ сарбаздарының киімдері мен техникасының, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс құралдарының үлгілерін көрсетті.

Барлау бөлімшелері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті, одан кейін гарнизондық офицерлер үйінің қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Барлық нөмірлер қол шапалақтаумен жүрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу