Абай гарнизонында әскери қызметші қайтыс болды

213

Бұл туралы Абай гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.    

Абай гарнизонында әскери қызметші қайтыс болды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Абай гарнизонында қайғылы жағдай орын алып, соның салдарынан келісімшарт бойынша міндетін атқарып жүрген әскери қызметші қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 наурыз күні сағат 9:40-та Қорғаныс министрлігінің полигонында, Семейден 40 шақырым жердегі Абай тас жолында КРАЗ жүк көліктерін сүйрету кезінде олардың арасында келісімшарт бойынша әскери қызметші қыстырылып қалған.

Әскери қызметші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

"2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші өмірге қауіпті ауыр жарақат алды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп мәлімдеді Абай гарнизонының баспасөз қызметі.

Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті қолдау көрсетіледі", – делінген әскери ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу