Абай Құнанбаевты тірі көргендей әсер аласың

552

Абай Құнанбаев мүсінін мүсінші-гиперреалист, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов ұлы ақынның 175 жылдығына арнап жасаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Абай Құнанбаевты тірі көргендей әсер аласың

"Маған ешкім гиперреализм бағытын үйреткен жоқ. Мен оны 2010 жылы бастадым. Шетелде өнердің қалай дамитынын көргенде біздің өнер неге артта қалуы керек? Мен де оқимын, ізденемін, жасаймын деп шештім. Содан бері осы бағытта қызығушылық танытып, жұмыс істей бастадым. Бұл үшін интернет маған көп көмектесті. Төрт ай бойы тарихи тұлға - Абайды жасаумен айналыстым. Шапаны мен барлық киімдерін тігінші-реставраторларға тапсырыс бойынша тіктірдім", - деді мүсінші Айдос Есмағамбетов.

Мүсінші қазақ ойшылының бейнесін силиконнан жасаған, өйткені бұл материал балауызға қарағанда шектен тыс және тез өзгеретін температурада өз қасиетін сақтайды.

"Абай Құнанбаевтың мүсіні ұлы ойшыл және ақынның 175 жылдығына орай "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында жасалған. Бұл жобаның басты мақсаты - біздің жастарға, қоғамда, шетелде ұлы есімдерімізді кеңінен дәріптеу", - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева.

Сондай-ақ мүсінші Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің, Барак Обама, Сағадат Нұрмағамбетов, Абылай хан, басқа да тұлғалардың мүсінін жасаған.

Айта кетейік, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы елордамызда 2018 жылдан бастап бәсекеге қабілеттілік, прагматизм идеяларын және адамдардың нақты оқиғаларының мысалдары негізінде білім культін насихаттау мақсатында өткізіліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу