Абай-Құнанбай тағлымы түркі әлемін біріктіруге қауқарлы – Нергиз Бирай

1327

Түрік ғалымы Құнанбай тұлғасының түркі әлеміндегі орны туралы айтты.

Абай-Құнанбай тағлымы түркі әлемін біріктіруге қауқарлы – Нергиз Бирай

Қазақстан халқы ассамблеясының мұрындық болуымен өтіп жатқан "Абай: тарих және қазіргі заман" атты халықаралық конференцияда Түркияның Памуккале университетінің профессоры Нергиз Бирай түркі әлемі үшін Абаймен бірге Құнанбайдың тұлғасы да ерекше екенін айтты.

"Құнанбайдың түрік әлемі үшін маңыздылығы неде? Біз айтқан мәдени көшіруде ол қазақтардың ақсақал дәстүрінде өскендіктен, осы дәстүрді ескере отырып, қазіргі тәсілдермен дамытып іске асырды. Екіншіден, "Құтты білік", "Кабуснаме" сияқты насихат және саясат кітаптар түріндегі шығармалардың жолымен  жүріп отырды. Ол бұл көшіруді ол тек сөздермен ғана емес, сонымен қатар дәстүрге енген түрлерімен де, қазіргі заманғы тіркестермен нығайтып, бүгінгі күнге жеткізу арқылы да жасайды. Біз бүкіл түрік әлемін біріктіретін осы мысалдармен мәдени бірлігіміздің және ұлттық тамырымыздың күшін түсінеміз. Бәріміз бірге болған кезде күшті екенімізді түсінеміз. Өз шығармаларында Абай қазақтың ұлттық мәдениетімен шұғылданса да, жалпыға бірдей қолжетімді тұлға. Оның адамға және адагершілікке деген құндылығы мыңдаған жылдарға созылған түрік ойының көрінісі", - деді ғалым Абай күніне арналған халықаралық онлайн-шарада.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу