Абай облыстық Көші-қон қызметі бастығының қанша пара алғаны белгілі болды

465

Аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалаға ауыстырмақ болған.

Абай облыстық Көші-қон қызметі бастығының қанша пара алғаны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Абай облысының Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Бұл туралы Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті. 

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлің Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен департаменттің өзге де қызметкерлері пара алғанын әшкерелеген. 

Айта кетейік, осыған дейін Абай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталғанын жазған болатынбыз.

- Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге ақпарат жария етілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу