Абай олыстық полиция департаменті мемлекеттік сатып алу порталында екі тендер жариялады. Біріншісі арзан көліктер, екіншісі қымбат көліктер сатып алуға арналған.
Қымбат көліктерге жиыны 238 млн теңге жұмсауға дайын. Бұл соманы 15 көлікке бөлсе, орта есеппен 16 млн теңгеден айналады.
Мұндай көліктерге қойылатын талаптар да ерекше. Беріліс қорабы автомат, экологиялық ЕУРО-5 санатына сай, седан корпусты, ұзындығы 5 метрге дейін, ені – 1,9 метр, биіктікі 1,5 метр болуға тиіс. Рөлі мен орындықтары жылытылатын болуы керек.
Бір қызығы, бұл көліктердің басшыларға арналуы мүмкін екені де жазылған.
Ал екінші тендер "қарапайым". Онда беріліс қорабы механикалық болса жеткілікте екені көрсетілген.
Мұнда 240 млн теңгеге 27 көлік қарастырылған.