Абай облысы Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды

505

Бұл қызметке Қанат Әділбай келді.

Абай облысы Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: gov.kz

Абай облысы Аягөз ауданының әкімі лауазымына Қанат Әділбай тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін Аягөз аудандық мәслихат сессиясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аудан әкімі лауазымына жаңа кандидатураны ұсынды. Мәслихат депутаттары Қанат Әділбайды тағайындауға келісім берді.

Қанат Серікқанұлы 1972 жылы 14 желтоқсанда Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген.

Мамандығы — инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласы бойынша салық инспекциясының заңды тұлғалардың салық салу бөлімінің бірінші категориялы маманы болып бастады.

Ұзақ жылдар бойы Семей қаласының салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеп, кейін Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек етті.

2019-2021 жылдар аралығында Семей қаласы әкімінің бюджетті қалыптастыру және атқару, несие және кеден саясаты, банк мекемесі, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек инспекциясы мен қоршаған ортаны қорғау салалары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ "АКМ Стройсервис" ЖШС директоры болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу