Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов лауазымынан босатылды, деп жазады inbusiness.kz.
"Қадірлі жерлестер, әріптестер! Абай облысы әкімінің Бірінші орынбасары қызметін аяқтадым. Жаңа облыстың бастау алып өркендеуіне аз уақыт болса да үлес қосқаным мен үшін үлкен мәртебе. Осы кезеңде өңірді дамытуға бағытталған елеулі жұмыстар атқарылды. Осы жолда баршаңызға ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі қолдауларыңызға шынайы алғысымды білдіремін!", - деп жазды ол.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Айдын Кәрімов басқа мемлекеттік қызметке ауыспақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу