Абай облысы әкімінің "көмекшілері" кәсіпкерлерден ақша жинап келген

720

Өңірде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған.

Абай облысы әкімінің "көмекшілері" кәсіпкерлерден ақша жинап келген Фото: profit.kz

"Абайлаңыздар! Алаяқтар!" Абай облысының әкімдігі осындай үндеу жолдады. Себебі облыста алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әкімдік өкілдері алаяқтар әлеуметтік желі арқылы әрекет ететінін атап өтті.

"Алаяқтар өзін шенеунік немесе облыс әкімінің көмекшісімін деп таныстырып, қаражат қайтарылатынын айтып, кәсіпкерлерден қаржылай көмек сұрайды", делінген хабарламада.

Мұндай жағдайлар Шығыс Қазақстан облысында да тіркелген.

"Бұл жағдай елдің кез келген басқа өңірінде де болуы мүмкін", делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты Абай облысының әкімдігі ресми түрде мәлімдеп, ескертеді:

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мұндай хабарламаларға еш қатысы жоқ және облыс тұрғындарын алаяқтардың айла-амалына бой алдырмауға, қырағы болуға және барлық күдік тудырған жағдайларды дереу құзырлы органдарға хабарлауға шақырады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу