Абай облысы ауылдарына су құбырлары тартылуда

405

Атап айтқанда, Тана мырза, Серіктес және Көктүбек ауылдары. 

Абай облысы ауылдарына су құбырлары тартылуда Фото: Абай облысының әкімдігі

"Қуатты өңірлер-елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Ақсуат ауданы бойынша 3 ауылға орталықтандырылған су құбыры желілері тартылуда.

Су құбырларын тартудың негізгі мақсаты: тұрғындар талабына сай ішкі су жүйелерімен жабдықтау, ауылды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ су құбырларынан бөлек Тана мырза мен Ақсуат ауылы арасына асфальт жамылғысы да төселген.

Әр үйдің іргесіне дейін су желісін тарту Көктүбек ауылында да басталған. Тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуді көздеген жоба аясындағы тартылып жатқан су құбыр жүйесінің ұзындығы – 7,625 шақырым. Қазіргі таңда 110 мм су құбырынан 6,3 шақырым су құбыры желісі тартылды. Қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталатын су құбыры құдықтарына 75 сақина орнатылған.

Мұнымен қатар су желісі жұмысы Серіктес ауылында жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу