Абай облысы Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндірілді

901

Орман өрті 385 гектар алқапқа жайылған

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ

"Семей Орманы" МОТР өкілдерінің ақпараты бойынша 26 шілдеде сағат 18:00 шамасында Бесқарағай ауданындағы  орман өрті 385 гектар алқапта толығымен сөндірілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 15 шілдеде өртке қарсы қызметке Бегенев орманшылығында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны және орман қорына қауіп бар екені туралы хабарлама келіп түскен болатын. "Семей Орманы" МОТР және Абай облысы ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барды.

Өртті сөндіру ауа-райының қолайсыздығымен қиындады: жоғары ауа температурасы, қатты жел және тығыз өсетін дақылдардың болуы, сондай-ақ тұзды және батпақты жерлер.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдары мен Орманшылар мен өрт сөндірушілер ыстық ауа-райына қарамастан отпен күресіп жатқан үйлесімді іс-қимылдары мен жанқиярлық ерлігінің арқасында өртті толығымен сөндірді.

Абай облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу