Абай облысы экономикалық дамудың жоғарғы көрсеткішін көрсетті

441

Алғашқы тоғыз айдың қорытындысына сәйкес Абай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің қатарында. 

 Абай облысы экономикалық дамудың жоғарғы көрсеткішін көрсетті Фото: Абай облысының әкімдігі

Бүгін ҚР Үкіметінің қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров барлық 7 экономикалық көрсеткіштен 5 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында өсім барын атап өтті.

Қазіргі уақытта ел экономикасының жалпы өсу қарқыны 4,7%-ды құрады. Нақты сектор 3,7%, ал қызмет көрсету саласы 5,1% өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да 12,1%-ға өскен. Экономиканың осы секторында Абай облысы – Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарымен қатар ең үздік көрсеткіштерді көрсетіп отыр.

"Алдын ала қорытынды нәтижесінде 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 4,2%-ға өсіп, 91,1 млрд. долларды құрады. Экспорт 51,2 млрд. долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 млрд. долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 11,4 млрд долларға тең", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ға артқан. Оң динамика 19 облыста байқалған, оның ішінде Абай облысы да бар. Бүгінде республикада 11,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл салада ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Қызылорда және Абай облысында тіркелді.

"9 айдың қорытындысы бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде   инфляция деңгейі 11,8%-ке дейін төмендеді. Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін   жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек", - деді Әлихан Смайылов.

Отырыс барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов барлық өңірлер нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етіп, осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруы қажет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу