Абай облысы Көкпекті ауданында қамыс өртенді

590

Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Абай облысы Көкпекті ауданында қамыс өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес ағымдағы жылдың 2 шілде күні күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыстың жануы орын алды, деп жазады inbusiness.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты.

Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектарды құрайды. Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу