Абай облысы Өзбекстанға ангус, симментал, герефорд секілді 700 бас ірі қараны экспортқа шығарды

728

Көршілес ел Қазақстаннан келген табиғи таза еттен, таза өнімдерді шығармақ.  

Абай облысы Өзбекстанға ангус, симментал, герефорд секілді 700 бас ірі қараны экспортқа шығарды Фото: gov.kz

Алғаш рет "Елім-ай" шаруа қожалығының Bordaky mal ЖШС бордақылау алаңынан Өзбекстанға 700 бас ірі қара мал экспортқа жөнелтілді. Олар Ташкент облысына жеткізіліп, қайта өңдеуден өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз Өзбекстан елімен 2019 жылы келісімшартқа отырдық. Бүгін алғаш рет экспортқа орта есеппен салмағы 600-700 кг болатын ангус, симментал, герефорд сияқты асыл тұқымды ірі қара малдарды жөнелттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр жолдауында ауыл шаруашылығын бір жола қолға алып, дамытуды айтып келеді. Осы мақсатта біз алдағы жылы мал санын арттырып, Иран, Қытай, араб елдеріне экспортқа шығуды жоспарлап отырмыз", - дейді "Елім-ай" шаруа қожалығының басшысы Болат Бекбердинов.

"Елім-ай" шаруа қожалығы - Қазақстандағы ең үлкен шаруашылықтардың бірі. Мал шаруашылығымен бөлек егін шаруашылығымен де айналысады. Осылайша, шаруа қожалығы Абай облысы Көкпекті ауданының экономикасының дауына үлкен үлес қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу