Абай облысы тұрғындарының орташа жалақысы қандай?

225

Екінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 12,3%-ға өскен. 

Абай облысы тұрғындарының орташа жалақысы қандай? Фото: gov.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

9 ай қорытындысы өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,3%-ды құрады.

"Үлкен өсім құрылыс саласында 131,6%-ға, өнеркәсіпте – 102,6%-ға, ішкі саудада – 110,5%-ға, ауыл шаруашылығында – 106,4%-ға, инвестицияларда – 100,5% тіркелді. 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болды. Болжамды деректер бойынша жыл аяғына дейін оң динамика сақталады деп күтілуде. Орташа айлық жалақы екінші тоқсан қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады",  деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысының сөзінше, 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түскен.

"Биыл облыс бюджетінің көлемі 480,8 млрд теңгені құрады. Меншікті кірістер – 135,5 млрд теңге. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 120%-ға артық. 

25 жыл ішінде өңірдің инфрақұрылымы тұралап қалғанын білесіздер. Тозған дүниені әлі жаңартумен келеміз. Жалпы 2023 жылмен салыстырғанда салалар бойынша қаржыландыру қарқыны сақталып отыр", – деді әкім.

Облыс орталығы Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу