"Статистикаға сәйкес, Абай облысы жылу желілерінің жалпы тозуы 65%-ды құрайды. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Осы жағдай жылу беру маусымында жылу энергиясының тапшылығы мен жұмыста технологиялық үзілістердің туындау қаупін туғызып, төтенше жағдайларға әкеп соқтырады",– деді Бақытжан Баяхметов.
Ол Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай өңіріне жұмыс сапары барысында инфрақұрылым мәселелеріне, оның ішінде заманауи жылу электр стансасының құрылысына ерекше назар аударғанын еске салды.
Депутат Үкіметке Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыс тобының құрамын нақтылауды, сондай-ақ жылумен қамту нысандарын қаржыландыру мәселелерін пысықтауды ұсынды.
"Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында жылу-энергетика жүйесін реттеу саласындағы функцияны бір мемлекеттік органға орталықтандыру, ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыс тобының құрамын жаңарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Жұмыс тобының құрамына депутаттарды енгізу керек", – деп түйіндеді сенатор.