Абай облысын дамыту бойынша кешенді жоспардың бюджеті 1,9 трлн теңгені құрайды

Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешені бой көтермек. 

Абай облысын дамыту бойынша кешенді жоспардың бюджеті 1,9 трлн теңгені құрайды Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары талқыланды.

Жоспарда 100-ден астам іс-шара қамтылған. Оның жалпы бюджеті 1,9 трлн теңгеге жуық. Олардың басым бөлігі – жеке инвестициялар.

Туризм саласын дамыту аясында Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ Алакөл жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр.

Жылу көздерін, электр және сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын, күре жолдар мен көпірлерді реконструкциялау, Семейде заманауи ЖЭО салу және т. б. бойынша қадамдар көзделген.

"Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы" теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, "Айдарлы" мыс кен орнын игеру, ет комбинаты, "құрғақ" порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылады.

Кешенді жоспар өңірдегі өнеркәсіп көлемі мен ауыл шаруашылығы өнімін 1,5 есеге, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 3,5 есеге өсуін қамтамасыз етеді. 14 мың жұмыс орны құрылады.

"Кешенді жоспар жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу