Абай облысында 11 мыңға жуық адамды қамтитын 8 жоба іске асырылатын болады

170

Облыстың 43 мыңнан астамы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. 

Абай облысында 11 мыңға жуық адамды қамтитын 8 жоба іске асырылатын болады Фото: КазТАГ

Семей қаласында 25 мыңнан астам адам сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде облыс орталықтары арасында Семей қаласын сумен қамту деңгейі ең төмен.  25 мыңнан астам адам сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алмай отыр",  -деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, өңір бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 92,8 пайызды құрайды.

"Облыстың 607 500 тұрғынының 43 мыңнан астамы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Семей қаласына келсек, сумен қамтамасыз ету 91,5 пайыз немесе 287 100 адамды құрайды. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 2023 жылдан өтпелі құны 6,6 млрд теңгеге 9 нысанды іске қосу жоспарланды. Нәтижесінде 16 мыңға жуық адам сумен қамтылады және қамтамасыз ету үлесі 96,5 пайыз болады. 2025 жылы сумен 100 пайыз қамтамасыз ету үшін 11 мыңға жуық адамды қамтитын 8 жоба іске асырылатын болады", - деді аймақ басшысы Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу