Облыстық білім басқармасы интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Биылғы қыркүйек айына дейін интернет жылдамдығы төмен барлық мектеп STARLINK технологиясына қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыста 302 жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік, 4 арнайы интернат, 3 облыстық мектеп бар, олардың барлығы 100% интернет желісіне қосылған.
Starlink технологиясына қосылу үшін облыста интернет жылдамдығы төмен мектептер анықталды. Абай ауданы – 5, Аягөз – 10, Бесқарағай – 16, Бородулиха – 23, Жарма – 23, Көкпекті – 13, Ақсуат – 9, Семей қаласы – 4, Үржар – 29.
Осы мектептерде локальді желіні жүргізу жоспарлануда.