19 маусым күні сағат 15:00-де жасөспірім Александра Юрченко үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралған жоқ. Қыз сұр түсті шалбар киген, өзімен бірге қара түсті рюкзагы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірімнің ерекше белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл түсті, шашы ақшыл, иығынан төмен.
"Кәмелетке толмағанды көрген, білген жан мына тел.: +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 хабарласа алады", - делінген хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        