Абай облысында 152 мониторингтік топ азық-түлік бағасын бақылайды

544

Бағаны ұстап тұру бойынша 1 260 меморандумға қол қойылды, онда сауда кәсіпорындары ең төменгі сауда үстемесін 10%-дан асырмауға міндеттеме алды. 

Абай облысында 152 мониторингтік топ азық-түлік бағасын бақылайды Фото: Forum Daily

Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру үшін бүкіл жерде – үйдің жанындағы дүкендерден базарлар мен ірі супермаркеттерге дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2023 жылдың басынан бастап облыстың барлық ауданында 112 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, деп жазады inbusiness.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

 - Бағаның өсуіне қарсы тұрудың маңызды кезеңі "Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияны" құру еді. Жыл басынан бері оның 10 отырысы өтіп, 8 бұзушылық анықталды, оның ішінде Семей қаласы бойынша 5 бұзушылық, - деді

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу