Абай облысында 157 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жыл соңына дейін тағы 97 мың гектар жер қайтарылмақ.  

Абай облысында 157 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Абай облысында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару жұмысы жалғасуда. Бүгінде жалпы ауданы 387,9 мың гектар жер учаскесі анықталды. Оның 157 мың гектары қазіргі таңда қайтарылды. Қалған 97 мың гектар жыл аяғына дейін алынып, жылдық жоспар толық орындалады", – деді елордадағы брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Қайтарылған жер телімдерін жергілікті атқарушы органдар заңға сәйкес ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін бөлетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу