Абай облысы, Аягөз ауданында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген 18 жастағы сарбаз қайтыс болды.
Ресми мәліметке сәйкес, сарбаз 19 мамыр күні Аягөз орталық аудандық ауруханасында бактериалды менингиттің гипертоксикалық түрінен көз жұмған.
– 16 мамырда сарбаз әлсіздік пен дене қызуының көтерілуіне шағымданып, Аягөз әскери госпиталіне жатқызылды. Алғашқы емнен нәтиже болмаған соң, 17 мамырда қосымша тексерулер жүргізіліп, ол аудандық ауруханаға ауыстырылды. Алайда 18 мамырда жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлердің жедел көмегіне қарамастан қайтыс болды, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Марқұм 2025 жылдың 25 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысынан әскери борышын өтеуге шақырылған. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Құрлық әскерлері қолбасшылығы сарбаздың туыстарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.