Абай облысының Бородулиха ауылында пышақ жарақаттары бар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті полицияның мәліметінше, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында жергілікті тұрғын өз үйінің жанынан қызды тауып алған.
"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай ауданның 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады аймақтық Полиция департаментінен.
Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, жас жігіт пен қаза тапқан қыз өзара таныс болған. Олардың арасында жеке араздық негізінде жанжал туындаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.