Абай облысында 2026 жылға дейін 9 балабақша салынады

671

Абай облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылға дейін өңір бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша ашылады.  

Абай облысында 2026 жылға дейін 9 балабақша салынады Фото: azattyq-ruhy.kz

Сонымен қатар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

"2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөз ауданында 600 орындық, Ақсуат ауданында 300 орындық, Бесқарағай ауданында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. Ал 2024 жылы Семейде 6 мектеп, Жарма ауданы Қалбатау ауылында, Аягөз ауданы Ақтоғай ауылында, Ақсуат ауданы Екпін ауылында білім ордаларының құрылысы жүргізіледі, - деді басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу