Абай облысында 204 грант беру жоспарлануда

512

Грант алушылар қатарында жастар, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, АӘК алушылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, қандастар және басқа да әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. 

Абай облысында 204 грант беру жоспарлануда Фото: gov.kz

Абай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова ӨКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, бұл мақсаттарға 281,5 миллион теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

– Грантқа үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспаған сертификаты болуы керек. Әрбір қатысушы грантты тек бір рет ала алады. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту және үміткерлерге ыңғайлы болу үшін гранттарды берудің барлық процесі электронды форматқа көшірілді. Грантқа өтінімдер бір терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады,- деп атап өтті Сұлтанова.20 ақпаннан бастап бірінші лек грантқа өтінім қабылдау басталды. 2023 жылғы 28 ақпандағы сағат 18.30-дағы жағдай бойынша портал арқылы 440 өтініш келіп түскен.

Айта кетейік, гранттар қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құсты, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алуға, сауда объектілерін жалдау ақысын төлеуге беріледі.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, несиелік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үйді сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Грант алушы грантты алған күннен бастап 3 ай ішінде өз қызметін салық органдарында тіркейді және нысаналы пайдаланылуын растайды.

Сонымен қатар жастарды қолдау мақсатында кәсіпкерлік бастамалар үшін 2,5 пайызбен шағын несие беріледі.

Несие туралы толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/515456?lang=ru

Айта кетер болсақ, Абай облысы құрылғаннан бері 178 адам 400 АЕК көлемінде грант алды.

– Оның ішінде жастар – 85 адам, көпбалалы отбасылар – 53, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 13 адам, мүгедек адамдар – 10, АӘК алушылар – 9 адам, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар – 5 адам, қоныс аударушылар – 2 адам,- деді А.Сұлтанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу