Абай облысында 30 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен анасы қамауға алынды

3660

Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. 

Абай облысында 30 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен анасы қамауға алынды Фото: Ахай облысы ПД

Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарқ-ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.  

"Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды", – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу