Абай облысында 320 шақырымнан астам жол жөнделді

376

Сонымен қатар "Семей – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының 15,8 км учаскесі аяқталды және пайдалануға берілді. 

Абай облысында 320 шақырымнан астам жол жөнделді Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысында барлық деңгейдегі жолдарды жөндеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жол-құрылыс жұмыстарымен Қарауыл – Қоңыр әулие, Семей – Долон – Қоянбай, Новобаженово – Шүлбі, Зубаир - Петропавловка сияқты облыстық жолдардың бағыттары қамтылды. Бұл учаскелердің жалпы ұзындығы - 107,3 км.

Бұдан басқа, аудандық маңызы бар жолдардың 25 учаскесінде – 138,2 км-ге орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде - Жарқын, Шаған, Қыземшек, Верхне-березовский, Медеу, Орда, Малтыкөл, Дөненбай, Айғыз, Кіндікті, Тана-мырза, Өндіріс, Жыланды, Қарабас, Буркутово, Шұғылбай, Толағай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу