Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұзғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
104 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.
Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу