Абай облысында 500-ге жуық оқушы әкімдік берген планшет пен ноутбуктерді ала алмай жүр

718

Тіпті бұған облыстық бюджеттен 112 миллион теңге бөлініпті.  

Абай облысында 500-ге жуық оқушы әкімдік берген планшет пен ноутбуктерді ала алмай жүр Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңадан құрылған Абай облысының әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында 500-ге жуық оқушыға планшет пен ноутбуктың сертификатын тапсырылған болатын. Өкінішке қарай, балалар тартуларын әлі алмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Абай облысының 500-ге жуық оқушысы үш айдан бері әкімдік берген планшет пен ноутбуктерді ала алмай жүр. Жаңа жыл қарсаңында көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, ата-анасының қамқорлығынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға сертификат тапсырылған болатын. Тіпті бұған облыстық бюджеттен 112 миллион теңге бөлініпті.

Өңірлік Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, сыйлықтың уақытында берілмеуіне мемлекеттік сатып алу жүйесі кедергі келтірген. Екі рет конкурс өткенімен, жеткізуші болмаған.

"Үшінші рет конкурс жариялағанбыз. Ұтып алды. Келісімшарттың мезгілі 10 сәуірге дейін. 500 ноутбукті тапсырады. Қазіргі таңда қабылдап алу комиссиясы құрылды. Келесі аптада келгенде техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қабылдап, тексеріп аламыз. Содан кейін балаларға таратып береміз", - дейді Абай облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу