Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

161

Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар межеден асыра орындалды.  

Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: canva.com

Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары ары қарай да жалғаса береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Бұл көрсеткіш бекітілген жоспар – 62,3 мың гектардың 102%-ын құрайды.

2025 жылға қарай Абай облысы бойынша жалпы көлемі 170 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған.

Аталған жұмысты тиімді жүзеге асыру мақсатында мамандар ай сайын кесте бекітіп, жер көлемі аудандар арасында бөлінді.

Қол жеткізілген нәтижелер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы департаменті мен аудан және қала әкімдіктерінің тығыз өзара іс-қимылының нәтижесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу