Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңір бойынша мектептерге 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 1 259 камера бар. Бірақ олардың ішіндегі 813 данасы (76%) ауыстыруды талап етеді, - дейді басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев.
Сонымен қатар өңірдегі 24 қосымша білім беру мекемесінде 223 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Осы мекемелердің барлығында дабыл жүйесі орнатылған.
"БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында және облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс. Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 93,4% құрайды", - дейді Нұржан Ахметқалиев.