Абай облысында 70 жылдан астам тарихы бар вокзал жаңғыртылды

289

1953 жылы салынған Дегелең станциясының вокзалы заманауи талаптарға сай толық жаңартылып, жолаушыларға қайта қызмет көрсете бастады.  

Абай облысында 70 жылдан астам тарихы бар вокзал жаңғыртылды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Абай облысында Дегелең станциясының теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында іске асқан.

1953 жылы салынған ғимаратта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, сыртқы және ішкі әрлеу, сумен жабдықтау, кәріз және инженерлік коммуникациялар жаңартылды.

II санатты вокзал арқылы Семей, Астана, Бейнеу, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қандыағаш бағыттарында қатынайтын 8 жолаушылар пойызы өтеді.

Жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу