Абай облысында 700-ге жуық адам әскерге барады

732

Көктемгі шақыру 30 маусымда аяқталады.

Абай облысында 700-ге жуық адам әскерге барады Фото: google

Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының айтуынша, әскерге шақырылғандардың басым бөлігі әскери қызметке аттанып, Ұлттық ұлан қатарын толықтыратын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысы Дмитрий Жерегяның айтуынша, 260 әскерге шақырылушы Қарулы күштер қатарында қызмет етеді.

– Ұлттық ұланның болашақ әскери қызметшілері Астана, Алматы секілді өзге өңірлерге жіберіледі. Келісімшарт бойынша қалуға ниет білдірген әскери қызметшілер сол шақырылған қалада қызметте қалуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ мемлекеттік күзет қызметіне үш адамды шақыру жоспарлануда,- деп атап өтті Жерегя.

Департамент басшысы сарбаздардың көпшілігі әскерге шақыру комиссиясына өз бетінше келіп, Отан алдындағы борышын өтеуге жіберуді сұрайтынын айтты.

– Комиссия медициналық тексеруден өткізіп, нәтижесі қанағаттанарлық болса, әскерге шақырылушының тілегін орындауға тырысамыз. Шақырылатын контингент саны әскери бөлімдердің өтініштеріне байланысты, - деп қосты Дмитрий Жерегя.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері әскери борышын өтеген азаматтар еліміздің 40 жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз және емтихансыз түсе алатынын атап өтті. Қызметте өзін дәлелдеген сарбаздар санатына оқу ақысын төлемей грантқа түсуге мүмкіндік берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу