Осы жылдың басынан бері Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы мен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қарызгерлер мен алимент төлемей жүргендерді іздеуге жариялау жөнінде прокурормен санкцияланған 209 қаулы түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құжаттар түскеннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде 129 адамның тұрған жері іздестіру ісі қозғалмай-ақ анықталды.
Тағы 80 борышкер республикалық және мемлекетаралық іздестіруге жарияланды.
Іздестіру іс-шаралары барысында 35 адамның тұрған жері анықталып, тиісті ақпарат сот орындаушыларына атқарушылық өндірісті одан әрі орындау үшін жолданды.