Абай облысында 9 аумақта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

440

​Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысында 9 аумақта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 бірлік техника жұмылдырылған.

"11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі 410 тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі 590 тоннаны құрайды. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады", - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу