Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған

326

Қылмысқа қатысы бар деген 19 жасар күдікті қамауға алынды. 

Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған Фото: freepik

Қазан айында белгісіз нөмірлерден өзін "полиция қызметкері"- деп таныстырып тұрғындарға қоңырау шалу фактілері көбейген.

Хабарласқан адам "Балаңыз жол көлік оқиғасына себепкер болды. Оны сол жерден босатып, істі жабу үшін қомақты қаржы қажет"-деп  алдаған. Алаяқтарға сеніп қалғандар аз болмай шықты. Көпшілігі зейнет жасындағы адамдар.  

Алданғандар туыстарын қиын жағдайдан құтқармақ оймен, қаражатты курьер арқылы немесе аударымдар жасау арқылы беріп отырған. Артынша алданғандарына көздері жеткеннен кейін ғана, құқық қорғаушыларға хабарласқан.

Жедел іздестіру кезінде 19 жастағы қала тұрғыны қолға түскен. 

-Күдіктінің үйін тінту кезінде қомақты қаржы, ақша аударымдарының түбіртектері, сондай-ақ мессенжерлер арқылы жазған хаттар сақталған ұялы телефон тәркіленді. Қазір қылмысқа қатысы бар өзге де адамдар іздестіріліп жатыр. Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190 бабының 3-ші тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды-дейді Абай облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы, Шалқар Құнанбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу