Абай облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көмір арзандатылған бағамен сатылады

357

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев әкімдік жиналысын өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Абай облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көмір арзандатылған бағамен сатылады Фото: Абай облысы әкімдігі

Жиналыста күзгі-қысқы кезеңге мектептерді жөндеу және дайындау жұмысы, ауруханаларды заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, алдағы жылыту маусымына дайындық барысы және егін жинау науқанын өткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс басшысы мектептердің құрылыс жұмыстары барысын бірлесе қатаң бақылауға алып, мердігерлермен жұмысты күшейтуді тапсырды.

"Жаңа оқу жылына дайындық барысын қатаң бақылауға алып, барлық жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау қажет. Оқу мекемелеріндегі оқу процестерінің қауіпсіздік шараларын алдын ала ұйымдастыруды тапсырамын", - деді облыс әкімі.

Облыста денсаулық сақтау мекемелерін жүйелі түрде заманауи техникамен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп отыр.

"Денсаулық сақтау басқармасы минималды стандарттарға сәйкес денсаулық сақтау мекемелерін сапалы техникамен жабдықтауды қатаң бақылауға алу қажет. Сондай-ақ, халық саны аз елді мекендерде үнемі жүйелі түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді өңір басшысы.

Бүгінгі таңда ең маңызды мәселенің бірі жылумен қамтамасыз ету. Облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне халық арасында көмір отынын жазғы уақытта сатып алу туралы үгіт насихат жұмысын жүргізу қажет екендігін атап өтті.

"Қаражыра" акционерлік қоғамдығымен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік бағадағы көмірді сату туралы 10 күн аралығында ұсыныс енгізулеріңіз қажет. Сондай-ақ, Семей, Аягөз қалаларының және Абай ауданының әкімдеріне энергетика басқармасымен бірлесіп жылу жүйелері мен қазандықтардың құрылыс жұмыстарын 30 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырамын", - деді Нұрлан Ұранхаев.

Жиын соңында өңір басшысы білім және денсаулық сақтау мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу