Абай облысында алғаш рет бал жәрмеңкесі өтті

494

Жәрмеңкеге 3 мың тоннадан астам өнім әкелінген.

Абай облысында алғаш рет бал жәрмеңкесі өтті Фото: Абай облысының әкімдігі

Бал шаруашылығы жақсы дамыған өңірде 100 ден астам омарташы бар.  Өңірде әсіресе Үржар, Көкпекті мен Бородулиха аудандарында ара шаруашылығымен шұғылданатындар көп. 

Бал өнімдерінің сан алуан түрі жәрмеңкеге келушілерге  ұсынылды. 

-          Мұндай ауқымды бал жәрмеңкесіне алғаш рет келуім. Естіп арнайы сатып алу үшін келдім. Көріп риза болдым. Омарташылардың еңбегі жана берсін. Бағалары да қолжетімді. Мың да бір дертке шипа балды үнемі қолданған жөн деп санаймын. Осылай жиі-жиі өткізіп тұрғанда жақсы болар еді- дейді Семей қаласының тұрғыны, Ақерке Төкенова.

Жәрмеңке қонақтары тегін балдың дәмін татуға мүмкіндік алды. Бал шаруашылығын дамытып жүрген үздік омарташылар Абай облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу