Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды

1316

Семей қаласының Озерки ауылдық округінде Форель шаруашылығы іске қосылды. 

Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды Фото: Абай облысы әкімдігі

Онда сумен қамтамасыз етудің тұйық циклді технологиясы қолданылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Биыл меншік иесі модульді үлгідегі үй-жай салып, балықты күтіп-баптауға арналған контейнерлер, арнайы жабдықтар сатып алған. Кәсіпкер болашақта бассейндерде форельді көбейтіп, өсіруді жоспарлап отыр.

Үкіметтің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет іске қосылған форель шаруашылығына Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері барып, заңнамаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары туралы түсініктеме берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу